“Мұндайды күтпедік”: Димаштың Шанхайдағы өнері жанкүйерлерді таңғалдырды
Қытайдың Шанхай қаласында өткен 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events шарасының ашылу және жабылу рәсімдерінде өнер көрсеткен әйгілі әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхайдағы Орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events салтанатты рәсімі өтті.
Ол өзінің “Fire” атты авторлық композициясын жаңа аранжировкада орындап, Димаш күтпеген жерден қазақ тілінде жылдам речитатив қосты. Бұл фестивальдің ең көп талқыланған сәттерінің біріне айналды.
Дәл осы қарқынды “читка” әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көрермендер әншінің ән орындау мәнерін Eminem-мен салыстырды. Олар мұндай форматтың Димашқа тән емес болғанымен, өте табиғи әрі үйлесімді шыққанын жазды.







