“Мұндайды күтпедік”: Димаштың Шанхайдағы өнері жанкүйерлерді таңғалдырды

2 548

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ru.dimashnews.comҚытайдың Шанхай қаласында өткен 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events шарасының ашылу және жабылу рәсімдерінде өнер көрсеткен әйгілі әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхайдағы Орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events салтанатты рәсімі өтті.

Ол өзінің “Fire” атты авторлық композициясын жаңа аранжировкада орындап, Димаш күтпеген жерден қазақ тілінде жылдам речитатив қосты. Бұл фестивальдің ең көп талқыланған сәттерінің біріне айналды.

Дәл осы қарқынды “читка” әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көрермендер әншінің ән орындау мәнерін Eminem-мен салыстырды. Олар мұндай форматтың Димашқа тән емес болғанымен, өте табиғи әрі үйлесімді шыққанын жазды. 

“Димашжанды мақтап жазуға 42 әрпім жетпей отыр”, “Димаш әлемде ерекше жалғыз тұлға”, “Біздің Димаштың таланты таңғалдырады”, “Eminem ағылшын буыны жалғауы қатты күрделі емес рэп оқиды, ал қазақ тілінің күрделілігімен мұндай жылдамдық”, “Меніңше, ол Эминемнен де асып түсті: жылдамдығы жоғары, дауысы айқынырақ, тембрі байырақ”, – деп жазған олар.

@dimash.tok dimash never seizes to surprise me 💀 eminem collab when? Cr: dqd_laura #vocals #димаш #viral @Dimash Qudaibergen ♬ original sound - 𝔻𝕚𝕞𝕒𝕤𝕙𝕋𝕠𝕜 (fanpage)

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.