Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертінде Sadraddin өнер көрсетеді

2 308

Фото: instagram.com/sadraddinnОтандық шоу-бизнестегі ең жас әртістердің бірі Sadraddin әлемдік поп-музыканың жұлдызы Дженнифер Лопестің концерті алдында өнер көрсетпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы шараны ұйымдастырушы First Media Group мәлім етті.

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін ауқымды шоуда Sadraddin pre-show форматында сахнаға шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылар концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадионның есіктері сағат 15:00 ден бастап ашылады.

Бұған дейін Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде қазақстандық танымал "Формат" тобының солисі Қайрат Баекенов өнер көрсеткен еді. Қайрат Баекеновтің айтуынша, мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.