Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ашуланды

2 539

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып тастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесі тосынсый болып анасының шаңырағына келді. 

“Анамның үйіне айтпай келіп қалдым. Аналарымыз аман болсын! Бауырларымызды көріп, арқа-жарқа болып, шай ішіп жатырмыз”, – деп жазды әнші. 

Алайда желі қолданушылары дастархан басында ер азаматтар отырса да, батаны әншінің анасы бергенін қызу талқылады. 

“Жесір әйел бата бермеуші еді”, “Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!”, “Үйінде шешесі билейтіні көрініп тұр”, “Ана балаларының амандығын тілеп, батасын беріп отыр”, “Ананың батасы қабыл болсын”, – деп жазды көпшілік. 

Халық әртісі анасын тілдеген оқырманына жауап қайтарып, реніші барын жасырмады. 

“Не оттап отырсың?! Анасы ұл-қыздарына бата беруге болмайды дегенді бірінші естіп отырмын. Әкеміз өмірден озғалы анамыздың батасымен келе жатырмыз. 11құрсақ көтерген анама қатын деуге хақың жоқ?! Нағыз есалаң сенсің”, – деп ашуланды әнші. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.