Әнші Мақпал Исабекова өзін Джей Ломен салыстырды

304

Мақпал Исабекова өзін әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопеспен салыстырды,- деп жазады Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Жалпы Мақпалды "қазақстандық Джей Ло" деп атайтындардың қатары көп. Әншінің өзі миллиондаған әйелдер сұлулығына тамсана қарайтын әншіге ұқсайтынына дән риза.  

"Мына суретке қарап, J.Lo-ны көремін. Осындай әдемі әйелге ұқсағаныма ризамын. Ол да осы суретті көрсе, қалай болады деп ойладым. Ол мүмкін бе, қалай ойлайсыздар?" - деп армандады Мақпал. 

Бұл ретте әнші оқырмандарынан посттың астына Джей Лоны белгілеуді өтінді. Оқырмандары Мақпалдың өтінішін жерге қалдырмады. 

"Мүмкін пікір қалдырса ше? Ой Макося армандап кетті", - деді Исабекова. 

Алайда Мақпал мен Джей Лоның еш ұқсамайтынын айтқандар да табылды. 

"Мүлдем ұқсамайсыз", "Ұқсайсыз деп кім айтты? Джей Лоны ешкіммен шатастыру мүмкін емес", "Джей Ло әрине жақсы, бірақ сіздің өз ерекшелігіңіз бар", - деп жазды желі қолданушылары