Шашын бояп тастаған Айжұлдыз Адайбекова елді таңғалдырды

599

Фото: видеодан скриншотАйжұлдыз Адайбекова жеке өміріндегі жайттардан кейін образына өзгеріс енгізуді шешкен көрінеді. Жолдасы Қыран Талапбекпен айырылысып, жақында ғана ана атанған ару шашын өзге түске бояп тастаған.
Айжұлдыз Адайбекова шашының түсін өзгертіп тастағанын бірден Instagram желісінде хабарлаған. Өнер иесі сұлулық салонында жүзеге асырылған істің нәтижесімен өзінің жеке парақшасында бөліскен. Ол жаңа түсті шашымен суретке түсіп, оны барша жанкүйерлерінің назарына ұсынған.


 Желі қолданушылары жас ананың бұл өзгерісіне қатысты өз пікірлерін қарша жаудырып, қызу пікірталас тудырды. Олардың басым көпшілігі Адайбековаға бәрі жарасатынын жазса, енді бірі қара түсін көбірек ұнатқанын айтуда. 


"Саған бәрі жарасады", "Не істесе де жарасып кетеді", "Бұл түс сізді одан бетер аша түскендей", "Әдемі болып тұрсыз. Мына түс тура сіздікі екен", "Меніңше бұрынғы шашы әдемірек болған", "Көзге үйреншіксіз болып тұр. Қызық екен басқа түспен көрген", - деп жазуда жұртшылық. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.