Баян Мақсатқызы күйеуінің 55 жасын дүркіретіп атап өтті

2 170

Фото: https://www.instagram.com/taunewskz/p/C-SXfEIN9W4/Отандық продюсер Баян Мақсатқызы күйеу Түрсын Алагөзовтің 55 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Кештің видеосы актрисаның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тұрсын Алагөзовтің туған күніне жақын достары шақырылған. Сондай-ақ, кеште Raim мен Ерке Есмахан, Аша Матай, Тамара Асар, Дильназ Ахмадиева мен Динара Сәтжан сынды танымал тұлғалар бой көрсеткен. Кеште "Ирина Кайратовна" тобы да ән салғанын байқауға болады. 

Ал Баян Мақсатқызының өзі "Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси еркек! Туған күніңмен" деген жазба қалдырған. 

Туған күн кешіне ерекше торт да сән берген. Мұны көрген желі қолданушылары Баян Мақсатқызының күйеуін туған күнімен құттықтап жатыр. Олар Тұрсын Алагөзовке бақыт тілеуде.

:  

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.