Нұрлан Имам әлеуметтік желіде үлкен табысқа кенелді

2 526

Фото: Instagram | @nurlanimam.kzБелгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы Tik-Tok желісінде үлкен табысқа кенелді. Ол әлеуметтік желінің арқасында 2000 мың АҚШ долларын жинаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нұрлан имамның үлкен табысқа кенелгенін белгілі мобилограф Қыран Талапбек айтты. Видеоблогер дінтанушының Tik-Tok парақшасын қарап отырып, оның 2000 доллар жинағанын көріп қалған. 

"Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр" , - деді Қыран Талапбек. 

Ойламаған жерден табысқа кенелген имам бұл ақшамен оқырмандарын қуантпақ екенін жеткізді. 

"Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге қажылық ұмра путевкасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.