"Келінжан 3" фильмінің үзіндісі елді шулатты

2 684

Фото: Видеодан скриншотБелгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан 3” фильмінің жарыққа шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Фильмнің продюсері киноның анонсын жеке парақшасында жариялады. 

“Мәдөш пен Бақонайдың фанаттары қайдасыздар? Коммент пен лүпілді аямаңыздар! Бір-бірлеріңізге жіберіп отырыңыздар! Премьераға дейін сіздердің қолдауларыңыз маңызды. Маркетингтің пачақ-пачағын шығарып жіберіңіздерші”, – деп жазды продюсер. 

Алайда желі қолданушылары көзі көгерген актрисаның қызу талқылап жатыр. Продюсерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан романтика жасады деп кінәлады. 

“Көгерген көзді көруден шаршадық. Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа күліп отыру қалыпқа айналды”, “Ешқандай да күлкілі емес”, “Бәріміз бір үйдің Айсарасы болып отырмыз”, “Мәдөш Балқияға қол көтеріп, сонысына кешірім сұрап тұрған эпизод шығар”, – деп жазды көпшілік. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.