Қазақстандық қыз АҚШ-тағы Miss World International байқауында жеңімпаз болды
320
Дина Әмір әлемдегі ең ірі халықаралық байқаулардың бірі - Miss World International байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұлулық байқауы 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өткен. Қыз бұл ұмытылмас тәжірибе болғанын айтты. Ол бүкіл әлемнен жаңа достар тапқан. "Украина мен Нигериядан келген байқау қатысушыларымен жақсы араласып кеттім" дейді қазақстандық қыз.
"Көп эмоция, көп ел, оқиғалар өте қызықты болды. Әсіресе, мен үшін. Себебі, мен мұдай байқауға бірінші рет қатыстым. Танымал, көрікті, ақылды қатысушылармен танысу өте керемет, - деп бөлісті Дина.
Дина Әмір Қазақстанда IT-компанияларда соңғы 7 жыл маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген.