Өмір кітабымның бір парағын жыртып, лақтырып тастадым

528

Фото: видеодан скриншотЖеліде басы дауға қалған отандық әнші Сара Амангелді парақшасында аса әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі соңғы кезде орын алған жайттарға байланысты өміріне өзгеріс енгізгенін айтып, өзінен жақын арада жақсы жаңалықтар болатынын айтты.
Сара Амангелді аталмыш жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы желіде жаудырылған жағымсыз пікірлердің өзіне айтарлықтай ауыр тигенін мойындады. Алайда, әнші ұзақ уақыт бойы түңірейіп жүре алмайтынын алға тартты.


 "Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады. Алла адамды өлсін деп жаратпайды. Ұзақ уақыт түнеріп жүре алмайды екенмін. Қайтейін, жақсы адам боп тұрмын ғой, Алла сақтайды мені. Позитив толқынына өтейікші, жақында бір күшті жаңалық болады,
 шығармашылығымда. Парақшамда негатив тұрғанын қаламаймын, өмір кітабымның бір парағын жыртып, мыжып-мыжып лақтырып тастадым", - деп жазды өнер иесі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.