Ерке Есмахан 3 млн теңгеге тұсау кесетіні туралы ақпарат жауап берді

1 095

Ерке Есмахан жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа шүйлікті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Неге кез келген жанжалдың басында мен тұрамын? Кімнен сұрап білдіңіздер?! Әлде хайп қуған түрлеріңіз бе?! Ұят қой тіпті. Заңға жүгінсем, бұл өтірік ақпаратты қалай дәлелдейсіздер? Өмірімде бір-ақ рет тұсау кесіппін, оның өзінде тегін. Алла көріп тұр. Қазақтың салтын ақшаға сатылады деп жариялап, адамдарды адастырып, мені комментке талатып мәз болып отырғандарыңыз адамшылыққа жатпайды. Оқырмандарым, мен шаршадым. Не істесем болады? – деп жазды Ерке Есмахан.


Еске салсақ, бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Ерке Есмаханның 3 миллион теңгеге тұсау кесетіні туралы ақпарат тараған. Алайда әнші мұны жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарды хайп қуып отырғанын айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.