Төртінші ұлын босанған Салтанат Бақаева перзентханадан шықты

415
Жақында төртінші перзентін дүниеге әкелген Салтанат Бақаева перзентханадан шықты. Өнер иесін күйеуі мен үш ұлы алып кетуге келген, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.4

Салтанат Бақаева өміріндегі аса бақытты сәттерінің бірімен Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы бұл жолы перзентханадан шығуына байланысты ауқымды шара жасамаған.

Әншіні үйге алып кетуге күйеуі мен балалары ғана келген. Олар аналарына гүл шоғын тарту етіп, сағына қауышқан. Оған қоса, Бақаева төртінші ұлына қандай есім бергенін жария етті. Белгілі болғандай, жаңа туған сәбиді әкесі Әрсен деп атаған.

"Әбдімәлік Әрсен Нұржан ұлы біздің отбасымызға қош келдің. Папамыз күшті ат таңдап қойды", - деп жазды ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.