Ләйлә Сұлтанқызы тағы ана болғысы келетінін айтты

2 353

Фото: Instagram/sultankyzyТанымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала асырап алу туралы ойланып жүр екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлдары шетелге оқуға кеткен соң, ұзағынан кететінін білгендіктен Ләйлә Сұлтанқызы эко орталықта сақталған биоматериалдар арқылы қыз бала туып алу туралы ойын ұлдарына айтыпты.

"Қалжыңдап, қалжың аралас шындықты айтып көріп едім, ұлдарымның әлі бұған дайын емес екенін түсіндім", – дейді ол.

Алайда Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, үлкен ұлы қыз бала асырап алуына қарсы емес екен.

"Кейде бір қыз асырап алу туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол біздің отбасылық досымыз. Ол кісі "асырап алсаң, он есе сауап жазылады" деді. Мені қолдады. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам – 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", – деді тележүргізуші.