"Қызды жоспарлап келдік": Ерке Есмахан Raim екеуі Стамбулға не үшін барғанын айтты
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim екеуі Стамбулға қаласына қандай себеппен келгенін ашып айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жұлдызды жұп тағы да балалы болуға ниетті екенін жеткізді.
Ерке Есмахан Стамбулдағы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында көрсетті. Ерлі-зайыпты тарихқа толы қаланың әсем жерлерін аралап, түрлі фото мен видео жариялап жатыр. Өнер иесі күйеуімен бірге аса бақытты кезеңді өткеріп жатқанын алға тартты. Бейнежазбалардың бірінде жұлдызды жұптың құшақтасып, қол ұстасып тұрғанын көруге болады.