Қайрат Нұртас 35 мың көрермен жинап, концерт өткізді

2 512

Фото: TikTok/Қайрат НұртасҚазақстандық әнші Қайрат Нұртас 27 қыркүйекте Астанада шығармашылығының 20 жылдығына арналған үлкен концерт өткізді. Astana Arena-да өткен кешке 35 мыңға жуық көрермен жиналды, - деп  хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Концерт басталар алдында әнші Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуды сұрап, стадиондағы жұрт бір минут үнсіздік жариялады.

Әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бұл сәттен видео жариялап, 35 мың адамның бір мезетте үнсіз қалғанын жазды.

Кеш барысында Қайрат Нұртас тыңдармандарына жаңа әндерін ұсынып, бірнеше образда сахнаға шықты. Концерт түрлі қойылымдармен, арнайы эффектілермен және күрделі сахналық трюктермен толықты.

Әншінің өзі де концерттен кейін көрермендеріне алғыс білдірді.

“Рақмет, Астана! 35 мың көрермен. Бір стадион. Бір жүрек. Бұл ұмытылмас кеш болды”, – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары да концерттен алған әсерін жарыса бөлісіп, жанды дауысты, стадиондағы атмосфераны және сахналық қойылымдарды ерекше атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.