Көзіме қатты зақым келді

665
Отандық продюсер Францияның Биарриц қаласында  көзіне 8-ші рет ота жасатты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Баян Мақсатқызы 2016 жылы  басынан өткен трагедиядан кейін бас-аяғы 8 ота жасатқанын мәлімеді.

"Бұл қалада алғаш рет осыдан алты жыл бұрын болдым. Ол кезде де мұхиттың шуымен бір ай бойы оңалдым. Міне, қазір де қатты зақым келген көзіме жасалған екі отадан кейін осы қалада қалпыма келіп жатырмын. Айтпақшы бұл – ешкімге айтпаған операциялардың сегізіншісі. Денсаулығымды қалыпқа келтіру үшін бәрін істедім, енді барлығы қалпына келеді. Мен толыққанды өмір сүремін деп қатты үміттенемін", – деп бөлісті Мақсатқызы.