Аша Матайдың әкесі қызын сынағандарға шүйлікті

442
Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Аша Матайдың әкесі қызын ота жасатты деп сынағандарға жауап берді. Ол қызының ернінде де, төсінде де силикон жоқ екенін ашық айтты.
Аша Матайдың әкесі қызын орынсыз сынап жатқан жұртшылыққа шүйлікті. Марат Асқарбеков "Ең алғашқы" бағдарламасына арнайы сұхбат беріп, перзентінің ота жасатқаны жайлы қауесеттердің шындыққа жанаспайтынын кесіп айтты.


Сонымен қатар, актрисаның асқар тауы әкесі оның ашық образдарына да қарсылық білдірмегенін жеткізді. Ол керісінше қызына қымтанбай, барынша сәнді киініп жүруге кеңес берген. 


"Талай қиындықтарды көрдік қой. Өнерде қызғаншақтық пен көреалмаушылық бел алды. "Түрің әбіржіп кетіпті ғой" деп айтып жатады. Аша Матай ерніне силикон қйып, төсін де үлкейтіп алыпты деп шығарды ғой. Кезекті бағдарламада осыны сұрап жатса, қызыма қалай жауап беру керектігін айттым. "Ернімді айтсаңдар, әкемнің суретіне қараңдар, өздерің түсінесіңдер" деп жауап бер дедім. Менің ернімді көріп тұрсыздар ғой. Оның ерні қайда барады? 


Ал төсіне силикон жасатыпты десе "анамның суретіне қараңдар" деп айт дедім. Қызыма жазылатын осындай орынсыз сыни пікірлерге ашуым келеді. Қызыма қымтанбай сәнді киініп жүр деп өзім айтқанмын. Қазір эстрада мүлдем басқа. Өнерге келдің бе, менен немесе басқадан ұялып керек жоқ", - деді Ашаның әкесі. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.