"100 млн теңгесі өзіміздікі": желідегі танымал сериал актерлары кино түсіру үшін үлкен қарызға кіргенін айтты

2 568

Фото: instagram.com/millionkomandasyЖеліде танымал болған "Жездуха" сериалының толықметрлі фильмі күні кеше көрерменге жол тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұған дейін 49 сериясын Youtube желісі арқылы көрсеткен "Миллион" командасының жігіттері соңғы бөлімін толықметрлі фильм ретінде үлкен экранға ұсынды. Актер Мансар Орынханның сөзінше, фильм жастарға арналған. Фильм түсіруге аз ақша жұмсалмаған. 

"Жалпы бұл фильмге 170 млн теңге жұмсалды. 100 млн теңгесі өзіміздің ақшамыз, ал 70 млн теңгені қарызға алдық. Енді жақсы касса жинайды деп ойлаймыз", - деді актер. 

Бұған дейін көпшілікке желі арқылы тегін ұсынылған "Жездуха" сериалының актерлары оқиға желісі үлкен экранда жалғасатынын айтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.