"Орысша сөйлесең, тіліңді суырамын" – Мөлдір Әуелбекова
598
Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесінде тіл мәселесіне ерекше жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! Қадыр Мырза Әлі атамыздың сөзін, ел келешегіне жаны ашитын адам ғана түсінетін шығар. Тіл мәселесінде ар - ол сенің келешек ұрпағың үшін жауапкершілік! Сен дәл осы үлкен жауапкершілікті сезініп, өз Ана тіліңді қорғай аласың ба? Иә! Әрине! Намысың болса қорғайсың! Әрқайсысымыз өзімізден, отбасымыздан бастайық!" - деп бастады сөзін әнші.
Әуелбекова өз отбасында сақталған тәртіп жайлы айтты. Сөзінше, әкесі қазақшадан өзге тілде сөйлеуге рұқсат бермейді екен.
Әнші елорда балабақшаларының бірінде болған ыңғайсыз жағдайды баяндады. Қазақ тілінде білім беретін мекемеде, неге екені белгісіз, балалар тек орыс тілінде сөйлеген.

"Біз үйде, өзге тілде мүлдем сөйлемейміз. Себебі, рұқсат жоқ. Әкем бірден тілімізді тияды. Шаңырақта өз тілімізге құрмет болуы заңдылық. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол солай болған және бұйырса, солай болады да. Есесіне, балаларымыз да, дәл сондай. Олар естігенін айтады, көргенін істейді", - дейді ол.
Әнші елорда балабақшаларының бірінде болған ыңғайсыз жағдайды баяндады. Қазақ тілінде білім беретін мекемеде, неге екені белгісіз, балалар тек орыс тілінде сөйлеген.
"Қайбір жылы, Астанада "Алпамыс" балабақшасына ұлымды қазақша топқа бердім. Екі аптадан соң ұлым тек орысша сөйлей бастады. Себебін білгім келіп, тәрбиешіге айтпай, күндізгі уақытта бардым, тексеруге. Тәрбиешілер орысша сөйлейді деп ойладым. Барсам, есік ашық бәрі орысша сайрап отыр. Апай қазақша сұрақ қойып отыр, балалар орысша жауап беріп отыр. Сондағысы, 10 баланың 8 і орысша сөйлейді екен, қалған екеуі (біреуі менің ұлым) әлгі сегізіне қосылып отырады екен. Ойланбастан дәл сол мезетте құжаттарын алып, балабақшадан шығарып алдым. Апайымыз: "Біз не істей аламыз? Балалар үйлерінде орысша сөйлейді, бақшада тіл үйреткеніміз зая ғой!" - деп қалды", - дейді әнші.
"Бірде дүкенге бардық. Балам орысша жақсы білетіндіктен: "Мама купи мне эту игрушку, пожалуйста. Она мне очень нравится!" - деді. Бірден, өз әдетіме салып, қаталдық танытып: "Сөйлеме орысша! Немене қазақ тілін үйретпеген бе, едім?!" - деп ұрыса қалдым! Әнші болғасын дауысым жарқын шықты. Жан-жағымдағылар қарап, естіп, пікір білдіріп жатты. "Зачем так, из за языка ругать ребенка" - дегендей. Осыны айтып тұрған өзімізідің қаракөз келіншектер. Ананы естіп (мен де қоймаймын ғой): "Енді менің жанымда орысша сөйлесең, тіліңді суырам!" - дедім. Біртүрлі қарап, бірдемелер мыңғырлап жан-жаққа кетті олар. Өзім болсам, тілімді мақтан тұтып, риза болдым сол жерде! Тілімізді құрметтейік", - деп бөлісті Әуелбекова.