Алтынай Жорабаева экс-күйеуінің тойға неге келмегенін айтты

2 523

Фото:© Instagram.com/altynaizhorabayeva/sabit_abdykalykovТанымал әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтың қызының тойына неге шақырылмағанын түсіндірді,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Әншінің айтуынша, бастапқыда қыздары әкелерімен араласып, жағдайын сұрап тұрған. Алайда уақыт өте байланыс сиреген.(Видео)

“Алғашында қыздар үйіне барып, жағдайын сұрап жүрді. Бірақ ол кісі өзі де іздемесе, қыздардың қайта-қайта бара беруі дұрыс емес деп ойлаймын. Балаларым бұл шешімге өздері келді. Мен оларға “былай істе, былай тұр” деп нұсқау бермеймін”, – деді ол.

Алтынай Жорабаева қазіргі жолдасы Әлішердің қыздарына әкелік мейірім көрсеткенін де айтқані.

“Қыздар бір жылға жетпей-ақ “сізді папа деп айтсақ бола ма?” деп сұрады. Тіпті “әке мейірімін сізден көріп отырмыз” деді. Бұл – олардың өз шешімі”, – деді әнші.

Сондай-ақ ол тойға Сәбит Әбдіхалықовтың неге келмегеніне қатысты пікір білдірген.

“Бәрін Әлішер өзі ұйымдастырып, қыздарды қанатының астына алып отырғанда, Сәбит биологиялық әкесі екен деп оны Әлішер жайған дастарханның төріне шығара алмаймын. Мен үшін Әлішердің сезімі маңызды”, – деді ол.

Әнші егер бұрынғы жұбайы қыздарымен тұрақты араласып, жағдайын жасап тұрғанда, олардың кездесуіне кедергі келтірмейтінін айтқан.

“Керісінше, қыздарыма “әкелеріңе ренжімеңдер, бақыт тілеңдер, қазіргі жарының жанында бақытты болсын” деп айтып отырамын”, – деді Алтынай Жорабаева.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.