Қайраттың жары мен Салтанат Бақаева бала тууды үйретпек
486
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова мен әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қыз-келіншектерге арналған орталық ашпақ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Қос құрбы келіншектерге көп бала тууды үйретпек.
Жұлдызға бұл идея Салтанаттың үйінде келді. Әбдукәрімова Салтанаттың жаңа туған сәбиіне бауы берік болсын айтып барған еді.
"Немереңіздің бауы берік болсын. Әрсен деген жігітпен танысып қойыңыздар. Ол әңгімені жақсы көретін бала. Салтанат құрбым мені қуып жетіп алды. Ал Салтанат болса "мен бала тууып үйреніп алдым. Енді тууа беремін", дейді. Жақында Салтанат екеуміз курс ашамыз", — деді Жұлдыз Әбдукәрімова.
Бұл жаңалықты естіген желі қолданушылары оларды бірден сынай жөнелді.
Еріккендер. Екеуі не деп қуып жүр. Іші пысқандар. Ұялмай ма?,— деп жазды желі қолданушылары.