"Әйелі де алаяқтық бойынша істі болған": Мұрат Әбділданың адвокаты тың ақпаратты жариялады
2 256
Заңгер Молдахан Әділетхан профилактикалық есепте тұрғанына қарамастан блогердің тәртібінің нашар болғанын жасырмады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Екі жыл бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділданың авдокаты тосын мәлімдеме жасады.
“Сәуірдің 10 күні қамалу керек болған. Оған қамалатынын ескерттік. Бірақ ол соттан қашты. Бәріне өзі кінәлі. Қайтадан ішіп кетті. Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да алаяқтық бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат “ұрды, соқты” деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, қатыны бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Соңғы уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты”, – деді Молдахан Әділетхан.