Мадина Сәдуақасова ұлының 10 жасын ерекше атап өтті

2 548

Фото: instagram.com/sadvakasovamadinaҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мадина Сәдуақасова ұлының жаңа жасын ет-жақындарымен бірге табиғат аясында атап өтті. 

Өнер иесі балаларды ойнатып, көңілін көтеру үшін арнайы аниматорларды жалдаған. Олар үшін түрлі ойындар ұйымдастырылған. 

Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына ортақтасып барған жұлдыздар арасында Бүркіт бар. Ол Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, туған күннің қалай өткенін көрсеткен. 

"Мадикоштың ұлының туған күні! Әнуар 10 жас құтты болсын! Мадина, Олжас ұлдарың үлкен азамат болып өссін! Елінің сүйікті ұлы болғай! Ата-анасын құрметтеп, еліне қызмет етсін", - деп тілегін білдірді әнші.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.