«Үйде отырып қалған әйел емеспін»: Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқанға мысқылдады

1 517

Фото: Sn.kzТанымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман сұхбатында өзінің бұрыннан әртіс екенін айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

"10-20 жыл үйде отырып шыққан әйел емеспін. Бала кезден сахнада жүрген адаммын. Біздің халықтың түсінігінде танымалдылық деген бар және ешкім емес деген бар. Ал оның ортасында еңбек етіп жүрген адамдар кімдер сонда? Бүкіл біздің оқу орындарында, мәдениет сарайларында, аудандарда жұмыс істеп жүрген адамдар танымал емес, мысалы. Сонда олар кімдер? Ешкім емес пе? Тек қана бейнебаян түсіріп, хит жазған адам ғана танымал, қалғаны сонда ешкім емес пе? Ол дұрыс емес қой. Сондықтан біздің ауыл-аймақтарда қаншама талантты, ешкім білмейтін, бірақ сол аймақта ғана танымал, еңбегі сіңіп жүрген адамдар қаншама. Сол сияқты мен де аса бір танымалдылыққа құштар болмасам да, өзімнің еңбегімді жасап, өзімнің дипломыммен жұмысымды істеп жүрген адаммын", - деді ол.

Алайда Бақыт Тұрманның бұл сөздері жұртқа жақпай қалған. Мөлдір Мұқанға арнап әдейі айтылған деп түсінген оқырмандар түрлі пікір қалдырған. 

"Басқаны түсіріп, өзін биік санап отыр ма", "Өзін Мөлдірдін қасында ақылдымын деп намёк тастап тұр ғой", "Дауысы жоқ, бірақ әншімін деп отыр ма?", Құрастырып мен мен деп өзін Мөлдірмен жарысып", "Мынау не оттап отыр барлық үйде отыратын әйелдерге сөз тигізіп отыр ғой", "Бір әні жоқ есте қалған не былшылдап отыр", - деп жазды желі қолданушылар.