Ерке Есмахан күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады

2 568

Видеодан скриншот: Instagram/erke_esmahanТанымал әнші Raim 28 жасқа толды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесін бірінші болып келіншегі Ерке Есмахан құттықтады. Әнші ару ұлдарымен бірге жарына ерекше тосынсый жасаған.


Raim 6 күн бойы туған қаласы Оралда болып, су тасқынынан зардап шеккендерге қолынан келгенше көмектескен. Өнер иесі жаңа жасын өз отбасымен бірге қарсы алу үшін үйіне оралған. Ерке Есмахан түнгі он екіден кейін отағасына тәтті тортын сыйлап, оны бірінші болып құттықтады. 

"Туған күніңмен, махаббатым", - деп жазды әнші Ерке. 

Сонымен қатар Ерке Есмаханның үлкен ұлы Муслим де Raim-ға торт дайындап қойыпты. Жұлдызды жанұя керемет отбасылық сәттің кадрларын Instagram желісінде жариялады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.