Өзіне бесінші перзентті сыйлаған жарын қуантқан Төреғали елді тәнті етті

598

Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali/Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі жақында ғана бесінші перзентін дүниеге әкелген жарын қуантып қайтты. Өнер иесі гүл шоқтарымен арнайы перзентханаға барып, келіншегіне тосын сый жасаған.


Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке өміріндегі жаңалықтарымен желіде белсенді түрде бөлісе бастады. Соңғы кезде қаладан қалаға сапармен ұшып жүрген әнші өзіне бесінші перзентті сыйлаған келіншегін де қуантуға уақыт тапқан. 


Төреғали арнайы перзентханаға барып, жары Толқынның қалын біліп қайтқан. Өнер иесі ұл баланы дүниеге әкелген әйеліне үлкен гүл шоқтарын тарту етті. Ол аса әсерлі сәтімен Instagram парақшасында бөліскен. 


Желі қолданушылары көпбалалы ата-ананы шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады. 


"Үлкен азамат болсын", "Жарайсың Төреш, қызу жұмыс кезінде отбасыңа да уақыт тауыпсың", "Әкесі секілді елге сыйлы азамат болып өссін", "Бастысы аман әрі дені сау болсын", "Керемет жұп", "Нағыз үлгі алар отбасы", "Бақытты болыңдар. Балаларың көп болсын", "Бұл баламен тоқтап қалмай, тағы да балалы болыңыздар", - деп жазуда көпшілік. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.