Ләйлә Сұлтанқызы COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмақ

365

Фото: Ләйлә СұлтанқызыОтандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алдағы уақытта міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты. Ақпарат өкілі арақашықтықты сақтап, бетперде киіп барынша қорғанып жүрсе де қауіпті инфекцияны жұқтырып алған.

Ләйлә Сұлтанқызы өз басынан өткен жағдаймен бөлісіп, қалың көпшілікке коронавируске қатысты кеңес берді. Тележүргізуші COVID-19 расталып шыққандарға уайымға салынбай, бірден дәрігерге жүгіну керектігін айтты. Оның сөзінше, бастысы дұрыс емделу қажет. 

"Тәжімді» шештім! Көп адамнан естідім. Былтыр дәм сезбей, иіс сезбей ауырдық деп жатады. "Антидене бар ма?" десем "ой, қайдан білейін?!" деген жауап алам. Өз туыстарым да сөйдейді. Былтыр мен де ауырып өттім деп жүргем. Сөйтсем, ешқандай "антитела" болмаған. Ал, осы жолы тест тапсырғанда "оң" деп шықты. Шынымен 20 наурызда отбасымызбен сырқаттанып қалдық. Қанша жерден қорғансақ та, дистанция сақтап, маска тағып жүрсек те "тәж" тақтық. Менде байқалған алғашқы симптомдар буын-буынның ауыруы. Коронавирусты жеңсем де, әлсіздік әлі бар. Ендігі ойым: міндетті түрде вакцина салдырамын. Елімізде бұл жағынан проблема барын білемін. 

Бірақ 1 ай өткен соң екпе жасатып, сақтық шараларын сақтап жүрмекпін. Сіздерге айтарым алғашқы белгілері болса, міндетті түрде тест тапсырыңыздар. «Оң» нәтиже шықса, қорықпаңыздар. Дер кезінде дәрігерге қаралып, дұрыс емделу ғой бастысы. Дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау керек. КВИ жеңіл өтсін деп тілеймін. Сосын ПЦР тапсырмастан, былтыр ауырып тұрдым деп өз-өзіңізге диагноз қоюдан аулақ болыңыздар, антидененің бар-жоғына көз жеткізіңіздер дегім келеді. Ауырмайық" , - деп жазды ақпарат өкілі Instagram парақшасында. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.