Туған күнін Мальдив аралдарында тойлағалы жатқан Қайрат Нұртас балаларын ойлап, көзіне жас алды(видео)

2 221
33 жас туған күнін Мальдив аралдарында алты күн тойлағалы жатқан Қайрат Нұртас балаларын ойлап көзіне жас алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 

Бұл туралы өнер иесі  Instagram  сторисінде хабарлады.
 
"Туған күнімде балаларымның жанында болуға барымды салсам да бұйырмады. Алла хайырын берсін! Ақ жол", - деп көзіне жас алды әнші.

Қайрат Нұртастың көзіне жас алғанынан балаларынан жырақта жүргенін және әбден сағынғанын байқауға болады.

Бұл видеоны көрген оқырмандар Қайраттың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімованың инстаграм парақшасына

"Жұлдыз Қайратты неге жылатасыз? Тым жақсы жарыңды бір кешіре салшы. Сторисін қарап сен де онымен бірге барғанда жақсы болар еді","Қайраттың өзі де жігіт емес пе? Бала таптырғанды біледі, балдарының маңдайын сипап келіп, жүрсе де болады ғой", "Қайрекеңе қайт жеңеше", - деп пікірлерін жазды.



Айта кетсек, Қайрат Нұртас 33 жас туған күніне орай Мальдив аралдарында отыз адамға арналған, алты  күндік демалыс бағдарламасын жасамақ. Демалыс бағдарламасы танысу кеші,мафия ойыны,квест ойыны, туған күн кешіне арналған өнер иесінің ән кешінен және спорттық жарыстан тұрады.

Сонымен қатар, бұл турда танымал жұлдыздар мен блогерлер де бой көрсетпек.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.