МузАРТ тобының әншісі тойда шашын тартқан ер адамды итеріп жіберді
2 052
МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов тойдағы келеңсіз жайт туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кенжебек мұндай оқиғалар тойда жиі болатынын айтты.
Белгісіз ер адамның өнер иесінің шашынан тарқан видеосын әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кенжебек халықтан болған оқиғаға төрелік етуін сұрады.
Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Кенжебекке ұстамды болуды үйретсе, енді бірі әншіге кедергі келтірген ер азаматтың іс-әрекетін түсінбей әлек.

“Менің орнымда басқа біреу болса… Кімдікі дұрыс?”, – деп жазба қалдырды ол видео астына.
Бұл - негізі 7-8 ай бұрын болған оқиға. Алматыда салтанатты кеште өнер көрсеткенмін. Той иелері "өнеріңізді құрметтейміз, тамашалаймыз" деп шақырған соң бардым. Өнерімді көрсеттім, - дейді әнші.
Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Кенжебекке ұстамды болуды үйретсе, енді бірі әншіге кедергі келтірген ер азаматтың іс-әрекетін түсінбей әлек.
Шашымды не үшін тартты?! Мүмкін, өзінде мұндай шаш жоқ болған соң көре алмай қалған шығар. Білмеймін енді, неге тартқанын. Видеода қатты көрінбейді, бірақ менің шашымды уыстап тұрды да, қатты тартты. Өнер иесіне деген сыйластық болу керек шығар. Мадинаның бетінен сүйіп алған да дұрыс емес. Той иелері өнерпаздарды тойға шақырса, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Өнер иелері қанша ән жазып, бейнебаян түсірсе де, халық арасына кең таралмайды. Неге осындай жағымсыз іс-әрекеттер лезде тарайды екен? Дегенмен өнер, еңбек бағалануы керек, - дейді Кенжебек Жанәбілов.
“Дөрекілік таныттыңыз, өз деңгейіңізді түсіріп қажеті жоқ”, “Көкіректен итермей басқаша жол жасауың керек еді”, “Әртістер мәдиниетті, сабырлы болу керек”, “Әкеңдей адамды итергенің ерсі көрініп тұр”, “Сіздікі дұрыс”, “Сабырлығыңызға ескерткіш қою керек”, “Дардай азамат үшін ұят”, “Дұрыс жасадың”, – деп пікір қалдырды желідегілер.