Роза Әлқожа өнер жолындағы қиындықтарын айтты

2 503

Фото: әлеуметтік желіТанымал әнші Роза Әлқожа өнердегі жолы оңай болмағанын айтып, оқырмандарына жүрекжарды жазба арнады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, сахнаға ерте қадам басқанымен, халыққа кеңінен танылуы уақыт алған. Соған қарамастан, әннен ешқашан бас тартпағанын жеткізген.

«Әнші болу, танылу оңай келген жоқ. Ерте бастап, кеш танылған жанмын. Бірақ ән – менің өмірімнің мәні. Әнсіз өмірімді елестете алмаймын. Нағыз өнер бар жерде сыртқы сән-салтанат емес, жүректен шыққан ән ғана маңызды», – деп жазды әнші.

Роза Әлқожа кейде өз құнын бағаламай, өзгенің жетегінде кеткен сәттері болғанын да жасырмады. Дегенмен өмір жолында жолыққан қиындықтардың бәрін үлкен сабақ ретінде қабылдайтынын айтқан.

Сондай-ақ ол журналистикаға да, ақындыққа да қабілеті жететінін, алайда жүрегі әрдайым ән өнерін таңдағанын атап өткен.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына қолдау білдіріп, оның еңбегі мен өнеріне жоғары баға беретіндерін жазған.