Балжан Бидаш су басқан аймақтарға қатысты өз пікірін айтты

2 525

Фото: instagram/bidash_officialОтандық эстрада жұлдызы Балжан Бидаш су басқан аймақтарға қатысты өз пікірін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әнші әңгімесін су басқа аймақтарға көмектесу мақсатында өткен концерттен бастады. 

"Қазыбек Құрайыш су тасқыннан зардап шеккен ағайынға қолдау көрсетейік деп концерт туралы сөз бастағанда бірден келістім. Себебі, осы наурыздың соңында алғаш жаңалық естігеннен елді де әрбірімізді де уайым басты", - деді ол. 


Балжан Бидаш дәл қазір су басқан аймақтарда қызмет етіп жатқан мамандарға алғыс айтуды ұмытпады. 

"Сол апатты аймақтарда жүгіріп жүрген құтқарушыларға, дәрігерлерге, волонтерлар мен әскерилерге, бей-жай қарамаған баршаға осы ретте мың алғыс. Біздің біріккен күшіміздің қаншалықты екеніне, рухымыздың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп жатырмын… лайым мықтылығымыз сынға түспесін", - деп түйіндеді эстрада жұлдызы. 


Көпшілік Балжанның жазбасына пікір білдіріп, елімізде тек тыныштық орнағанын тіледі.