Ұлы ауырып жатқан кезде шаш үлгісін өзгерткен Қайрат Нұртас сынға қалды

437

Отандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жазылушылардың сынына қалды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлы Нарұлдың ауырып қалғанын хабарлаған еді. Балаға жеті жасында жүрегіне ауыр ота жасатқан, алайда жақында кеудедегі ауырсыну қайталанып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Жұлдыз ұлының денсаулығына қатты алаңдағанын айтып, осындай жағдайда қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдірді.

Осы уақытта Қайраттың парақшасында жаңа сурет пайда болды. Әнші шаш үлгісін өзгерткен суретін жариялады. Желідегі оқырман ұлы ауырып жатқан кездегі әншінің әрекетін сынға алды.

Алайда оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова қазір әкесі ұлының қасында екенін, баланың өзін жақсы сезінетінін айтып, жанкүйерлерін жұбатты.