Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды

844

Айдарбековтер әулетінде дүбірлі той. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғардың қалыңдығына құда түсіп, сырға салды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында құдалықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті. Онда Нұртас әулеті жаңа құдалардың босағасын аттап, салт бойынша, болашақ келінге сырға тақты. Көпшілік болашақ келінді енесі Гүлзира Айдарбековаға ұқсатты.


Сондай-ақ, Заңғар Нұртас өз парақшасында күйеу жігіт атанғанын ресми түрде хабарлады. Ол қалыңдығына ұсыныс жасаған сәттің видеосын жариялады.


Құдалық кезінде сөз сөйлеген Нұртас Айдарбеков екі жастың арасында түсініспеушілік болған жағдайда, келіннің сөзін сөйлейтінін бірден ескертті. 


"Соғыс басталып кеткен жағдайда, мен келіңдердің жағына шығамын. Осыны есіңде ұста, балам. Мен сені жақсы көремін", - деп жиылған жұртты бір күлдірді Нұртас мырза. 

Құдалыққа Қайрат Нұртас қатысқан жоқ. Бұл күні хитмен Қарағанды қаласына концерт беруге аттанған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.