Қытай билігі Қайрат Нұртасқа кейбір әндерін орындауға рұқсат бермеді

2 608

Фото: Instagram.com / kair_nТанымал әнші Қайрат Нұртас Қытай еліне гастролдік сапармен барды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Өнер иесінің концерті қалай өткенін продюсері, анасы Гүлзира Үсенқызы айтып берді.  Арт-диркторының сөзінше, қытайлық билік әншіге “Ауырмайды жүрек” атты танымал әнін орындауға рұқсат бермеген. 


“Егер тексеруден өтпеген әндер айтылып, фонограммамен кетсе, концертті тоқтатып, ұйымдастырушыға қомақты айыппұл салынады. Біздің алдымызда 2-3 әншінің концертін солай тоқтатқан екен. Әрбір әннің сөзін тексеріп, ұйғыр халқының қатты күткен “Ауырмайды жүрек” және тағы 3-4 әнді орындауға рұқсат бермеді. Жанды дауыста айтылу жағы да тексерілді”, – деді продюсер. 


Сондай-ақ өнер иесі қытайлық тыңдарманға рақмет айтып, ықыластарына алғыс білдірді. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.