Сара Тоқтамысова орамал таққан аруларға үндеу жасады

2 568

Фото: Instagram/sarkanaiОтандық танымал айтыскер Сара Тоқтамысова желіде орамал таққан аруларға үндеу жасап, оларға келелі кеңесін айтты. Өнер иесі олардың қасиетті Рамазан айында барынша тыйылуға шақырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сара Тоқтамысова қыз-келіншектерге үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Ол аруларға таққан орамалға сай болу керектігін айтып, ескерту жасады. 

"Кейбір орамал таққан құрбыларым, сіңлілерім бар. Әлеуметтік желілерде жүр. Қарап отырып өзің қысыласың. Егер осы видеоны көріп қалсаңыз, ескерерсіз. Рамазан айы тыйылу айы ғой. Өзімізді тәрбиелейік. Орамал тақтың ба, соған сай бол! Ормал тақтың ба, сөзіңе ие бол! "Tik-Tok" немесе "Instagram"-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі, орамал – сенің абыройың", – деп жазды ақын.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.