ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚАЙРАТЫ ҚАЙДА ЖҮР? (видео)
419
Әлеуметтік желі де аты шулы Қайрат Нұртас тағы да қызу талқы түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде көпшіліктің қызу талқысына түсіп, жұбымен айырылысты деген әншінің жас қыздармен бір отырыста ән айтқан сәті желіде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазып айтысты.
Біле білсек, Қайрат Нұртас соңғы уақытта ел назарында жүр. Алайда, көпшілік оның сахналық емес жеке өміріне қатысты жиі талқылауда. Соңғы кездері отбасының қасында уақыт өткізбей кеткенін байқаған тыңдармандары әнші жұбайымен ажырасып кетті деп болжаған. Енді бірі мұның қауесет екенін айтып ақтайды. Ал әншінің өзі бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Тіпті жары Жұлдызда «Өмір мен өнерімді араластырмаңыздар» деген болатын.
Желіде әншінің отырыста ән айтып отырған видеосы тарады. Қайраттың қасына жайғасқан жас қыздардың онымен бірге ән шырқап отырғаны анық байқалады. Мұны көрген жұрт әншіні сөге бастады. Енді бірі мұның жай ғана кезекті отырыс екенін айтып ақтап әлек. Келесі бір топ видеода Қайрат емес, арнайы түсірілген видео деп топшылауда желі қолданушылары.