"Сенбесімді білмедім сенерімді": Төреғали Төреәлінің әкесі ұлын өнерден кетпеуге шақырды
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының өнерден кетуіне қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Арт-менеджер жеке парақшасында жазба жариялады.
“Жаңалықты оқып ап, не дерімді?
Сенбесімді білмедім сенерімді.
Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың
Көп жастар алар еді сенен үлгі.
Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым
Мен саған беріп келем берерімді.
Алла берген тоқтатпа өлеңіңді
Алла берген тоқтатпа өнеріңді!!!", – деп жазды Төреәлі Төлепов.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі әншілік мансабын аяқтаған еді.







