Игорь Крутой Димаштың отбасындағы қуанышта тосынсый жасады

2 226

Коллаж: sn.kzДимаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның ұзату тойында ел күтпеген ерекше тосынсый болды

Салтанатты кеште Ресейдің халық әртісі, танымал композитор Игорь Крутой сахнаға шығып, рояльде сүйемелдей отырып, Димашпен бірге «Любовь уставших лебедей» әнін орындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде тараған бейнежазбалардан кештің жылы әрі әсерлі атмосферасын байқауға болады. Димаш пен Игорь Крутойдың дуэті қонақтарға шынайы эмоция мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Бұл ерекше сәт туралы dimash.musicclub Instagram парақшасы: «Димаш пен маэстро Игорь Крутой Раушан мен Ермаханның үйлену тойында өнер көрсетті», – деп жазды.

Қазақстанға арнайы келіп, Құдайбергендер әулетінің қуанышына ортақтасқан Игорь Крутойдың бұл қадамы жанкүйерлер арасында үлкен ықыласқа ие болды. Көпшілік мұны Димаш пен маэстро арасындағы шынайы достықтың айғағы деп бағалады.

Пікір қалдырғандар арасында: «Мұндай той тарихта қалады!», «Қыз ұзатуда Крутойдың өзі сахнаға шықса – бұл нағыз аңыз!», «Олардың дуэтінде әр нотада сиқыр бар!» – деген әсерлі сөздер жазылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.