Мақпал Исабекова мен оның ғашығы камераға түсіп қалды
Болашақ жолдасын барынша жасырмақ болған Мақпал Исабекованың жоспары ұзаққа бармады. Өнер иесі мен оның сүйіктісі жақында отандық журналистердің камерасына түсіп қалды.
Таңғы уақытта серуендеп келе жатқан Исабекова мен оның ғашығын "Paparazzi" бағдарламасының операторлары түсіріп алған. Асығыс жасалған фотодан өнер иесі мен оның болашақ жолдасының қол ұстасып келе жатқанын көруге болады.
Желі қолданушылары бірден әншінің таңдауына іліккен ер азаматты қызу талқыға салып, оның ұлтына қатысты өз болжамдарымен бөлісті.
"Ең бастысы бақытты болса болды" , "Қазаққа ұқсамайтын секілді" , "Орыс сияқты ғой деймін. Махаббат ұлтқа, дінге бөлінбейді" , "Бақытты бол Мақпал" , "Бұл серіні ұзақ күттің ғой. Махаббаттарың баянды болсын" , "Жігіті басқа ұлт өкілі секілді" , - деп жазуда көпшілік.
Алайда, эстрада жұлдазының өзі болашақ жолдасына қатысты қандай да бір ақпарат бермейтінін бастапқыда-ақ кесіп айтқан болатын. Мақпал сүйіктісінің өнер саласына ешқандай қатысы жоқ болғандықтан, ол танымалдылықты ұнатпайтынын жеткізді.
"Менің күйеужігітім мүлдем халық алдындағы адам емес. Ол менің Instagram парақшамда шыққысы келмейді. Халық оны білгенін қаламайды. Мен оның қалауы мен пікірін қатты құрметтеймін. Соған қоса, адамды оның еркінен тыс әрекеттерді жасауға мәжбүрлей алмаймын" , - деді Исабекова.