Жұлдызды жұп халал балабақша ашты

1 740

Отандық жұлдызды жұп Қуаныш Құрманбаев пен Қарлығаш Мырзагелдиева балаларға арнап халал балабақша ашқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінде басқа үйге қоныс аударған отандық әншілер өздері салған үш қабатты зәулім баспанасы жайлы “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасында тарқатып айтты.


“Ол үйімізді балабақша қылып жібердік. Ешқандай жалға берген жоқпыз. Қазіргі кезде өз жұмысын жалғастырып жатыр. Негізі өзіміз үй алдық, бірақ оның жөндеу жұмыстары біткен жоқ. Сөйтіп ол үйді кәсіпке айналдырдық. Біреуге беріп кетпедік. Ол жерге туған әпкемді отырғызып қойдық. Аптасына бір рет өзім барып қадағалаймын. Тамағы да, барлығы да халал. Ұл балалар мен қыз балалар бөлек ұйықтайды. Балаларға адал жұмыс істесек, Алла бәрін береді. Өзім де алты баланың анасы болғаннан кейін, балалармен қалай қарым-қатынас құру керегін білемін. Қазір өркендеп, маңынан тағы да бір балабақша салып жатырмыз", – дейді Қарлығаш Мырзагелдиева.


Сұхбат барысында отанасы балалармен жұмыс жасауға күйеуінің қарсы болғанын жасырмады. 


“Негізі бұған дейін бізде музыкалық мектеп болды. Оны да өзім жүргіздім. Күйеуім үлкен жобалармен жұмыс жасап үйреніп қалған соң маған: “Қойшы, балалар бар, ата-анасы бар. Ертең біреуіне бір нәрсе болып қалса, жауап бересің”, – деп қарсы болды. Мен Аллаға тәуекел етіп бастап кеткенмін. Сөйтіп төрт баламен басталған музыкалық мектеп үш жыл бойы жұмыс істеді. Өзім ұйыдастырушымын, тазалыққа да өзім жауап беремін, вокалдан сабақ беретінім тағы бар”, – дейді Қарлығаш Мырзагелдиева. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.