Танымал актер түсірілім кезінде адам өлтірді

435

Америкалық танымал актер Алек Болдуин түсірілім алаңында  тапаншадан екі адамға оқ атты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Санта-Фе маңында, басты рөлде Алек Болдуин ойнайтын фильмді түсіру кезінде болған. Актерлер оқ атуы керек сәтте, қару бос емес, әскери оқтармен оқталғаны белгілі болған.

Фильм режиссері Джоэл Соуз бұғанасын жарақаттады, ол ауыр жағдайда жатыр. Оператор Алина Хатчинс ауыр жарақат алды. Оны әуе арқылы Альбукерке қалалық ауруханасына жеткізді, алайда дәрігерлер аман алып қала алмады.
The New York Times басылымының жазуынша, әзірге Алек Болдуин қамауға алынбаған, оған қатысты қылмыстық іс те қозғалмауы мүмкін.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.