Әнші Ернар Айдар Таразда жол үстінде видео түсіремін деп айыппұл арқалаған
Әлеуметтік желілерде әнші Ернар Айдар түсірген видео тараған. Кейін танымал әртістің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын полиция көріп, жауапқа тартқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Көптеген қазақстандықтар видеодан әртісті оңай танығанын атап өткен. Олардың пікірінше, кадрларда әнші Ернар Айдар бейнеленген. Оның тек Instagram желісінде шамамен 2,8 миллион жазылушысы бар. Видеода ол өзінің қымбат көлігі мен көлік номерін көрсеткен.
Жамбыл облысы полиция департаменті видеоны мониторинг барысында анықтағанын хабарлаған.







