«Күйеуінің опасыздығы əйеліне байланысты!»

668
Отандық актриса Жәния Джуринскаяның күйеуі Данияр Хизметов некеден кейінгі опасыздыққа әйелдер кінәлі дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Данияр Хизметов Instagram парақшасында ер адамдар неліктен махаббатты өзгеден іздей бастайтыны туралы болжам жасады.

"Не себепті еркектер әйелін алдайды? Жеке менің пікірім, бұл да құпия емес, менің ойымша, бұл туралы бәрі біледі: бұл әйелдің өзіне қарамауынан туады. Әйел үйде отырады, балаларды, ас үйді қарайды. Үй тазалайды, өз-өзіне қарауды тоқтатады. Ал ер адамдар таза көзбен көреді, сондықтан әйел қызықсыз болып қалады. Отбасылық қарым-қатынаста кез келген жағдайда екеуі де дамуы керек. Бірақ ең алдымен әйел адам өзін-өзі дамытып отыру керек. Сіздің әйеліңіз, жан серігіңіз сіздің қызметшіңіз емес, ол сіздің өмір бойы бірге тұрам деп таңдаған адамыңыз екенін түсініңіз”, – деді ол.

Даниярдың желідегі оқырманы онымен келіспеді. Ер адамның адалдығы әйелдің әрекетіне емес, өзіне ғана байланысты дейді олар.

"Күйеуінің опасыздығы əйеліне байланысты емес! Күйеуінің әрекеті еркекке байланысты. Күйеудің әрекеті үшін əйелді кінәлау ыңғайлы", "Ер адам ешқашан қатені өзінен іздемейді. Әйелін кінәлаған ыңғайлы бәріне", "Еркектің мінезі сондай болса, оған ешнәрсе әсер етпейді, қасындағы әйелі қанша керемет болса да алдайды", - дейді әлеуметтік желі қолданушылары.