Композитор Арман Дүйсенов мезгілсіз дүниеден озды

671
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов өмірден өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.  

Өзінің қоңыр қалпымен, биязы мінезімен күллі қазақ жұртының, өнер ортасының құрметіне бөленген, мәдениет саласына еңбек сіңірген азамат екенін баршаңыз жақсы білесіздер. Мезгілсіз қаза. Ауыр хабар. Алланың ісіне қылар қайран жоқ..., - деп жазды вице-министр.

Вице-министр марқұмның әулетіне, туған-туыстарына, дос-жарандарына көңіл айтты.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.