Гүлзира Айдарбекова келініне ерекше тілек арнады

1 636

Гүлзира Айдарбекова келіні Әйгерімге ерекше тілек арнап, туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Продюсер келіні Әйгерімді жер-көкке сыйғызбай мақтады. 


“Айналдым ақ келінімнен! Жаным сол, бүгін сенің туған күнің! Алла саған ғұмырлы да мәнді ұзақ өмір жазсын! Менің түсінгенім, өмірлік жарын, жүрегінің пәктігімен шын сүйген келін, күйеуінің ата-анасын, өзінің ата-анасындай, оның бауырларын өз бауырындай уақыт келе қабылдай біледі екен. Ата-анаға деген құрметті бізге сезіндіре алғаның үшін, бізге деген жылылығың үшін біз сені отбасымызбен жақсы көреміз. Оны бақылап отырған оқырмандарым да, сені көп мақтай бермесемде байқап жатқандары шындық. Мақтауға тұрарлықсың, тек көз тимесе екен деген ниетпен… мақтануға қорқақтайтыным ол да рас. Азғырушылар да аз болған жоқ, бірақ соның бәріне жол бермей, даналығын айтып, тектілігімен көрсетіп, тәрбие беріп отырған, сені өмірге алып келген Дана құдағиыма, Алихан құдамызға мың алғыс! Әйгерім Аян екеуің абыроймен 100 жасап, ұрпақтарыңның бақытын көрулеріңді жазсын Алла”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.


Ол ұлы мен келінінің үйлену тойындағы бақытты сәттерінен үзінді жариялады. 


Айта кетейік, Аян Нұртас пен оның жұбайы Әйгерім 2017 жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген болатын. Аян болашақ жарымен мектеп қабырғасында оқып жүргенде танысқан. Бүгінде ерлі-зайыпты Ақмөр, Нұрәли есімді ұл-қыздың ата-анасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.