Сақатов қазақ тілін білмейтін депутаттарды есекке теңеді

461

Танымал актер Алмат Сақатов қазақша білмейтін депутаттарға шүйлікті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Актер тіпті оларды есекке теңеді.

Алмат ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын халық қалаулыларын көргенде қатты ашуланады екен. Сондықтан ол елдің ашуын тудырмай, өз еріктерімен орындарын босатсын деген пікірде.

"Қазақша білмейтін депутаттарға ана тілін меңгерту үшін 30 миллиондай ақша бөлінгенін естідім. Германия, Францияда депутаттарды біз сияқты ақша төлеп оқытады ма? Не деген кең халықпыз? Естеріңізде болсын, "есекке алтын таға таққанымен, ол ешқашан тұлпар болып шаба алмайды". Қазақша білмейсің бе, онда депутат болмай-ақ қой. Нанын жеп, суын ішіп жүрген жеріңнің тілін білмесең, не істеп отырсың?" дейді актер Алмат Сақатов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.