"Адам болмайды деді": Шерхан Пірназар басынан өткен қиын кезеңді еске алды
2 566
Қазақстандық танымал актер Шерхан Пірназар ата-анасының ажырасып кеткені өзіне аса ауыр тигенін жасырмады. Өнер иесі сол кезде басынан өміріндегі қиын кезеңдердің бірі өткенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ата-анасы ажырасып кеткен соң,Шерхан Пірназар нағашыларының қолында тұрған. Әжесінің ерке немересі болып өскен актерге оларға үйренісу қиын болған. Нағашылары бастапқыда оны "адам болмайды" деп көп сынға алған екен. Өнер иесі сол кезде әжесінің махаббатын аңсап, жылап қалатын кездері болғанын айтты.
"Әкеміз кеткеннен кейін анам мені ойлап екінші рет тұрмысқа шықпады. Нағашылардың қолында өстім. Бірақ өте қиын болды. Себебі менің әкем де, оның бауырлары да ауылда атыс-шабыс, төбелеске жақын өскен. Пірназар әулеті сондаймен атышулы еді. Кейін анам ажырасып, төркініне қайтып келгенде нағашыларым "сен әкеңе тартқансың, бұл жиен адам болмайды" деп кекетіп, айта беретін. Ол сөзді естіген сайын әжемнің мейірімін, махаббатын аңсап, жылаушы едім. Есейіп, Алматыға оқуға кеткенде де "Ой, сенің Шерханың адам болмайды, оқып жүр дейсің бе, ішіп, қыдырып жүрген шығар. Көресің, ол да әкесіне ұқсап, әлі сені қан қақсатады" деп айта берген екен", - деді актер "Сәлем, Европа" Youtube арнасына берген сұхбатында.