Шетелге кеткен Ләйлә Сұлтанқызы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті

647

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлымен және туыстарымен шетелге демалысқа аттанды. Ақпарат өкілі ыстық мекенде қалай уақыт өткізіп жатқанын Instagram парақшасында белсенді түрде көрсетуде.


Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде асқан белсенділік танытып, шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанымен бөлісіп жүр. Тележүргізуші күніге жаңа суреттер мен қызықты жазбаларда жариялауда. 


Ақпарат өкілі демалу үшін Түркияның Бодрум қаласына баруды жөн көрген. Ол жерге журналиспен бірге оның екі ұлы мен жақын туыстары аттанған. 


Ләйлә Сұлтанқызы демалысына қарамастан оқырмандарымен әркез байланысқа шығып, оларға саяхатының қызықтарымен бөлісуде. Күні кеше ғана ол өзінің басынан өткен сұмдық жадғаймен бөліскен болатын. Тележүргізуші суға батып, өліп кете жаздаған. 


Желі қолданушылары ыстық мекенде демалып жатқан Сұлтанқызы үшін қуанып, оған елге аман-есен оралуын тіледі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.