«Асекең екінші әйел аламын десе, қарсы емеспін» - Бағдат Әшімова
532
Бағдат Әшімова Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында жұбайы Асанәлі Әшімов екінші әйел аламын десе, қарсы емес екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бағдат Әшімова жас болғанына қарамастан, Асанәлі Әшімовке қалай ғашық болғанын әңгімеледі.
Бүгінде екеуінің отау құрғанына 19 жыл толды. Араларында Асанәлі есімді ұл бар. Одан бөлек, актердің балаларынан сүйген немере-шөберелері жетерлік. Бағдат Әшімова актердің өткен өміріне құрметпен қарайтынын айтады. Алдыңғы некелерінен тараған ұрпағын шеттетпей, бауырына басқан. Ал алдағы уақытта Асанәлі Әшімов тағы әйел алуды ойласа, қарсы емес.

"Сөздің құдіреті ғой. Кітабын бір түнде оқып шықтым. Сол кітапта Асекең ішіндегі жан сырын ақтарған, басындағы қайғысын, жүрегіндегі ащы өкінішін жазған.
Сол кітаптағы сөз мені баурап алды. Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім", - дейді Бағдат Әшімова.
Сол кітаптағы сөз мені баурап алды. Осы кісіге тірек болайыншы, қолымнан келсе, көзіндегі жасты сүртейінші, жүрегіне қуаныш ұялатайыншы дедім", - дейді Бағдат Әшімова.
Бүгінде екеуінің отау құрғанына 19 жыл толды. Араларында Асанәлі есімді ұл бар. Одан бөлек, актердің балаларынан сүйген немере-шөберелері жетерлік. Бағдат Әшімова актердің өткен өміріне құрметпен қарайтынын айтады. Алдыңғы некелерінен тараған ұрпағын шеттетпей, бауырына басқан. Ал алдағы уақытта Асанәлі Әшімов тағы әйел алуды ойласа, қарсы емес.
"Бұрын апаларымыз тоқалды өздері алып беріп отырған ғой. Ол да болса бәйбішеге мойын бұратын, сол әулетке қызмет ететін қыз бала болып жатса, неге алмасқа?
Бірақ мен өз ойымды айтамын. Ал енді Асекең тағы бір кісіге үйленем деп жатса, мен көнер ма едім, көнбес па едім?
Менен жақсысын тауып жатса, менен жақсы Асекеңнің жағдайын жасайтын, шын берілген адамды сүйіп жатса, рұқсат беретін едім", - дейді Бағдат Әшімова.